Оқиға Алмалы ауданында орын алған.
Алматыда қайғылы оқиға орын алды: ер адам жас жігітке тротуарда самокатпен жүргені үшін ескерту жасаған. Алайда ол жауап ретінде жәбірленушінің бетіне қатты соққы беріп, көзінен айырған.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Алмалы ауданында тіркелген.
Қазір бұл дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Тергеу аясында істің мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Полиция кінәлі тұлғаның заң аясында жауапқа тартылатынын атап өтті.