10.09.2025, 13:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Конго Президентін қарсы алды

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Конго Демократиялық Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Содан соң Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.