Жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.
Алматыда өткен кеште жоғары жылдамдықпен жүйткіген Mercedes көлігі ағашқа соғылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеода Mercedes жүргізушісінің жолақтан жолаққа ауысып, қауіпті маневр жасағаны анық көрінеді. Бір сәтте ол рөлге ие бола алмай, жол шетінен шығып кетіп, ағашқа соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір болған жағдайдың мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр», – деп мәлімдеді Алматы қалалық Полиция департаменті агенттікке берген түсініктемесінде.
Полиция өкілдерінің айтуынша, жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.