10.09.2025, 23:30

Құлыбаевтар Астана халықаралық қаржы орталығында жаңа холдингтік компания құрды

Фото: respublika.kz.media

Жаңа компанияның директоры болып Жомарт Нұрабаев тағайындалды.

Астана халықаралық қаржы орталығында жаңа Almex Holding Limited холдингі тіркелді. Жарғылық капиталы – 10 мың АҚШ доллары (шамамен 5,39 млн теңге), деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңа компанияның директоры болып Жомарт Нұрабаев тағайындалды. Ол бұған дейін де "Алмэкс" холдингтік тобы" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарып келген.

Компанияның бас атқарушы директоры (CEO) қызметіне Жантас Абдуллов келді. Ол – "Алмэкс" холдингтік тобы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, Құлыбаевтар дәл осы "Алмэкс" холдингі арқылы Қазақстан Халық Банкінің 56,39% акциясына иелік етеді.