11.09.2025, 11:00

«Еуропа қарашы, бұл қазақтың апасы»: 67 жастағы зейнеткер желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Үш күн ішінде оның бейнероликтері TikTok-та миллионнан аса қаралым жинап үлгерген.

Арнольд Шварценеггерге ұқсаған қазақстандық зейнеткер TikTok-та жұлдызға айналды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

67 жастағы қазақстандық зейнеткер әйел әлеуметтік желі қолданушыларын ерекше физикалық мүсінімен таңғалдырды. Бар-жоғы үш күн ішінде оның бейнероликтері TikTok-та миллионнан аса қаралым жинап үлгерген.

Бейнелерді әйелдің қызы жариялаған. Көпшілік оны “Шварц-апа” деп атап кеткен. Әсіресе ауыл ішінде мотоцикл мініп жүрген сәттері жұртты таңырқатып, тіпті Арнольд Шварценеггерге ұқсатқандар да болған.

Қуатты дене бітімі желі қолданушыларын тәнті етіп, спортпен шұғылдануға мотивация берген.

– «Еуропа қарашы, бұл қазақтың апасы», – «Ауылдың тірегіндей апа екен», – «Шашының өзі 18 жастағы қыздікіндей», – «Нағыз сұлу әрі мықты жан. Ұзақ ғұмыр берсін, үлгі тұтамын», – «Қазақтың Томирисі ғой», – деп жазып, жылы пікір қалдырғандар көп болды.

Тегтер: әже зейнеткер