11.09.2025, 12:00

Ақтауда пәтерден ер адамның мәйіті табылды

Фото: istockphoto.com

Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ екені хабарланды.

Ақтаудағы 11-шағын ауданда тұрғындар екінші қабаттағы пәтерден жағымсыз иіс шыққанын сезіп, полиция шақырған. Пәтерде ер адамның мәйіті жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше тәртіп сақшылары есікті қаққан, бірақ иесі ашпаған. Оқиға орнына құтқарушылар шақырылды, олар балкон арқылы ішке кірген. Пәтерден бірнеше күн бойы жатып қалған 67 жастағы ер адамның денесі табылды.

Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ екені хабарланды.

Ер адам жүрек ауруына шалдығып, ем қабылдағаны белгілі болды, 10 күн бұрын ауруханадан шыққан. Ол пәтерде жалғыз тұрған.

Тегтер: Ақтау пәтер