19.08.2014, 02:49

Еліміздің басым аумағында ауа райы ыстық болады

Сурет: i-news.kz

Қазақстанның барлық аумағында дерлік 40º және одан да ыстық ауа райы болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстан аумағына алдыңғы Азиядан келетін ыстық ауа батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте температураның +33…+40º дейін көтерілуіне себепші болды. Бұл ыстықтың алдымыздығы үш күнде Қазақстанның қалған өңірлеріне таралуы күтіледі, ол осы аймақтарда да температураның көтерілуіне әсерін тигізеді. Ал республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кей жерлерде +41…+45º дейін болуы күтіледі.