"Ол қайын ағамыздың досы болғандықтан, алдын ала 100 пайыз төлем сұрады".
Threads қолданушысы әнші Қанат Үмбетовке қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушысының сөзінше, эстрада жұлдызын анасының тойына шақырған.
“28 маусым күні анамның мерейтойын атап өттік. Әнші Қанат Үмбетовті шақырдық. Ол қайын ағамыздың досы болғандықтан, алдын ала 100 пайыз төлем сұрады. Оған дейін біздің іс-шарада өнер көрсеткесін еш қиындықсыз аудардық. Той болатын күні телефон тұтқасын көтермеді. Бірақ жеке парақшасын қарағанда, оның басқа мейрамханада тойда болғанын көрдік. Екі айдан астам уақыт өтті. Ақшамызды қайтаратын емес. Көмекшілері де ештеңе білмейміз деп отыр. Осындай жағдайда түсіп қалмаңыздар! Қайын ағамның өзі де іздеп жүр. Телефонын көтермейді”, – деді kazbekkyzy_a аккаунт қолданушысы.
Фото: https://www.threads.com/@kazbekkyzy_a
Өнер иесінің іс-әрекетін жел қолданушылары аямай сынап жатыр.
“Әншілерді мүлдем шақырмау керек”, “Қырғын ақша келеді де, халықты алдай салады”, “Әншілердің бәрі құныққан”, “Телефон нөмерін көрсетіңіз, халық болып жазайық”, “Ақшасын желкесінен шығару керек”, “Арыз жазуға болады”, “Бір-екі апта емес, екі айдан бері қайтармау деген сұмдық”, – деп жазды көпшілік.