$ 540.84  634.46  6.43

Түрмеге тоғытылуы мүмкін: Блогер Жанабыловтардың ісін сот қылмыстық іске ауыстырды

Оның әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар деп танылды.

Фото: Tengrinews.kz / Аружан Дарибай
Фото: Tengrinews.kz / Аружан Дарибай

Сот блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты әкімшілік іс жүргізуді тоқтатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дегенмен, оның әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар деп танылды. Сол себепті іс материалдары Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданып, тергеуге дейінгі тексеріс басталды. Алғашында іс әкімшілік құқықбұзушылық ретінде қарастырылса, қазір қылмыстық іс қозғалу мүмкіндігі күшейді. Егер айып дәлелденсе, блогерге әкімшілік айыппұлдан гөрі қатаң жаза қолданылуы ықтимал.

Еске салсақ, Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегенова Instagram арқылы заңсыз лотерея ұйымдастырды деген күдікке іліккен. Тергеу нұсқасы бойынша, олар “оқыту курстары” ретінде көрсетілген ұтыс ойындарын өткізген және оған қатысу үшін жазылушылардан 30 мың теңге жинаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары