15.09.2025, 22:00

Ақтөбе облысында үш күнде 108 киік қырылды: Жануарлар бір-бірін таптап кеткен

Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Әділкерей Әуелбаев мәлімдеді.

Ақтөбе облысында соңғы үш күнде 108 киік қырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Әділкерей Әуелбаев мәлімдеді.

«Қырылған киіктердің саны нақты анықталды: 108 бас, оның ішінде 65 аталық, 48 аналық. Мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жануарлар Қайрақты өзенінен өту кезінде бір-бірін таптап кеткен. Қырылған жануарлардан және судан сынамалар алынды», – деді Ә. Әуелбаев.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Ақтөбе облысында 300 мыңнан астам киік өмір сүріп жатыр.