$ 540.84  634.46  6.43

«Екі аптада үш оқушы көз жұмды»: Жамбыл облысы әкімі бірқатар шенеуніктерге қатаң сөгіс жариялады

Ербол Қарашөкеев шұғыл кеңес өткізді.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысында жасөспірімдер қылмысының өршуі мәселені облыс әкімі деңгейінде қарауға әкелді, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ербол Қарашөкеев екі апта ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен үш қайғылы жағдай тіркелгеннен кейін шұғыл кеңес өткізді.

– Бала – елдің болашағы, оның қауіпсіздігіне, адамгершілік тұрғыда дамуына және алаңсыз білім алуына жағдай жасау әрқайсымыз үшін басты міндет болуы тиіс. Бұл саладағы кемшіліктерге жол беруге болмайды және жауапты тұлғалардан формалды есеп емес, нақты нәтиже талап етіледі, – деді Қарашүкеев. Ол мектептер, ата-аналар және қоғам бұл мәселеде бірлесе жұмыс атқара алмай отырғанын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі бірқатар лауазымды тұлғаларға шара қолдануды тапсырды. Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовке – ескерту, ал Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековке, Шу ауданының әкімі Бақытжан Жанибековке, білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршубековке және оның бірнеше орынбасарына – қатаң сөгіс жарияланды.

Сонымен қатар, өңірде мектептер мен колледждермен жұмыс істейтін мониторингтік топ құрылады. Ол оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, құқықтық сауаттылықты арттырумен және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алумен айналысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары