$ 541.18  636.05  6.52

Президент: «Көкшетаудың балмұздағын сатып аламыз»

Мемлекет басшысы биыл қараша айында Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтетінін айтты

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен саланың жай-күйі, шаруалардың жетістіктері, сондай-ақ қордаланған мәселелері жөнінде әңгімелесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Биыл ауа райы қолайлы. Үкімет қолдау көрсетіп отыр. Жанар-жағармаймен қамтамасыз етіп, алдын ала жеңілдетілген несие беруде. Астық түсімі жақсы болады деп ойлаймыз. Баршаңызға табыс тілеймін. Жолдауда атап өткенімдей, басты міндет – ауыл шаруашылығында терең өңдеу өндірісін дамыту. Былтыр ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 8 триллион 250 миллиард теңгені құрады. Бұл көп те, аз да емес. Өңірдегі басқа елдермен салыстырғанда ауыл шаруашылығы жақсы нәтижеге қол жеткізді. Бірақ ішкі жалпы өнім көлеміне шаққанда, бұл 6 пайыз ғана. Яғни экономикадағы ауыл шаруашылығының үлесін арттыру қажет. Ауыл шаруашылығы – біз үшін табысты сала. 12 миллион тонна бидай экспорттау әлеуеті – өте жоғары көрсеткіш. Қазірдің өзінде астықты Еуропа елдері сатып алып жатыр. Жолдауда айтқанымдай, астықтың алғашқы легі, шамамен 15 мың тонна бидай Вьетнамға жолданды, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы биыл қараша айында Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтетінін айтты. Онда агроөнеркәсіп кешенін дамыту және мемлекеттік қолдау мәселелері қарастырылады

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысында шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралап көрді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары