Оның сөзіне жолаушы лар қошемет көрсетіп, қол соғып қолдау білдірді.
Әлеуметтік желіде ұшақ пилотының анасына арнаған жүрекжарды құттықтау сәті кеңінен тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Пилот рейс алдында жолаушыларға үн қатып:
«Құрметті жолаушылар, жолға сәл кешіккеніміз үшін кешірім өтінемін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, сіздердің рұқсаттарыңызбен анашымның туған күнімен құттықтағым келеді. Анашым, әкетай екеуіңізге бақыт тілеймін. Денсаулық, рахмет», – деді.
Оның сөзіне жолаушылар қошемет көрсетіп, қол соғып қолдау білдірді.
Ал желі қолданушылары түрлі пікірлерін жаудырып, күлкіге қарық болды:
"Ардақ Назаров сол ұшақта отырса", "Бұл саған парламент пе, парламентте құттықтайсың", "ой Ардақ прикол болды-ау", "Сен депутатсың ба?", - деп жазды жұрт.