$ 539.54  637.09  6.52

«Азаматтардың құқықтарын шектемеңіздер»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салу туралы

"Алаяқтық, махинациялар фактілері бар, тіс емдеу желеуімен ақша шығарып алған жағдайлар болды".

 

 

Фото: instagram.com/bakytzhan.bazarbek
Фото: instagram.com/bakytzhan.bazarbek

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметтерге төлеуге тыйым салу бастамасына қарсы шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Депутаттың айтуынша, мұндай тыйым азаматтардың құқықтарын шектейді, ал күресу керек жайт – заңсыз ақша шығару схемаларына қатысқан алаяқтар мен клиникалар.

«Алаяқтық, махинациялар фактілері бар, тіс емдеу желеуімен ақша шығарып алған жағдайлар болды. “Отбасы банкінде” маған түскен материалдар бар, онда өте көп миллиардтардың шығарылғаны айтылған. Енді бұл практиканы толығымен тоқтатпақшы. Бұл дұрыс емес. Қылмыстық істер қозғаңыздар, кінәлілерді жауапкершілікке тартыңыздар. Сол клиникалар мен стоматологияларға қатысты тиісті іс қозғап, лицензияларын қайтарып алу, жабу қажет», — деді Базарбек Мәжіліс кулуарында.

Сонымен қатар, депутат азаматтардың зейнетақы жинағының артығын тіс емдеуге пайдалану мүмкіндігінен айырылмауы тиіс екенін атап өтті. Ол сондай-ақ Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі кешенді тергеу жүргізуі керек екенін айтып, оған өзі де жеке қатысуға дайын екенін жеткізді.

Еске салайық, 15 қыркүйектен бастап “Отбасы банк” стоматологиялық қызметтерге зейнетақы жинақтарын пайдалану жөніндегі өтінімдерді уақытша тоқтатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 119
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары