$ 541.01  640.34  6.52

«Атуға жарамды»: Түркістан облысында қымбат көлік тізгіндеген діни ағым мүшелерінен суық қару табылды

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Фото: Диапазон
Фото: Диапазон

Түркістан облысында заңсыз қару сақтаған деструктивті діни ағымның мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, ІІМ-нің «Р» басқармасы және ПД-нің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде деструктивті діни ағымның жақтастары ұсталды.

Олардың «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөлігінен 9 мм калибрлі бір дана «ТТ» маркалы тапанша және 18*45 калибрлі «Байкал МР-461» маркалы қару табылып, тәркіленді.

Аталған қарулардың оқ атуға жарамды екендігі анықталды.

«Қазіргі таңда бұл қарулардың өзге де қылмыстарда қолданылғанын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сонымен қатар, негізгі фигуранттың тұрғылықты мекенжайында ҚР ҚК-нің 432-бабы бойынша іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.

02.09.2025ж. ҚР ҚК-нің 287-б. 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ұсталды», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары