18.09.2025, 18:50

Пәкістанда су тасқыны мыңдаған адамды қыршыннан қиып кетті

Фото. Anadolu Ajansi

Ресми мәліметке сәйкес, 1002 адам қаза тапты.

Пәкістанның Пенджаб провинциясында маусым айының соңынан бері толассыз жауған нөсер ірі апатқа әкелді. Ресми мәліметке сәйкес, 1002 адам қаза тапты. Тағы мыңнан астам тұрғын әртүрлі жарақат алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Су тасқыны 12 мыңнан аса үйді қиратып, 6,5 мыңнан астам малды қырып кетті. Билік бұл апатты соңғы жылдардағы ең жойқын табиғи апаттардың бірі деп атап отыр.

Салыстыра кетсек, 2022 жылы Пәкістанда болған топан судан 1 700-ден астам адам мерт болып, елдің үштен бірі су астында қалған еді. Ол кезде шығын көлемі 32 миллиард доллардан асып, мемлекет тарихындағы ең ауыр апаттардың бірі ретінде есте қалған.