Сонымен қатар, ол әкімнің қазіргі жағдайы туралы айтты.
Алматы облысында Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулетәлиев жол апатына түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін біздің редакциямызға Нарынқол тасжолында жол апаты болғаны туралы ақпарат түсті. Ондағы ақпарат бойынша, көлікте Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулетәлиев отырған.
«Көліктегі адамдар аң аулауға шыққан. Біреуі қайтыс болған, үшеуі ауруханада», — делінген ақпаратта.
Бүгін Dalanews.kz тілшілері Дулат Дәулетәлиев Алматы облыстық клиникалық ауруханасына ауыстырылғанын анықтады. Жағдайы динамикада жақсарған. Барлық медициналық көмек көрсетілген.
«Бүгін жағдайы реттелген соң облыстық ауруханаға жібердік. Жалпы жол апатынан үш адам зардап шеккен. Тағы бір адам сол күні оқиға орнында қайтыс болған. Тағы бір адам ауруханаға түскен соң төртінші күні қайтыс болды. Ол кісіге сол күні нейрохирург шақыртып, операция жасаған болатынбыз. Бірақ жарақаты ауыр болды», — дейді Райымбек аудандық ауруханасының директоры Руслан Көккөзов.
Сонымен қатар, ол әкімнің қазіргі жағдайы туралы айтты.
«Ол кісінің де жарақаттары да ауыр болды. Бастапқыда Нарынқолдағы ауруханада жатты. Қазіргі уақытта облысқа жіберілді», — дейді Руслан Көккөзов.