$ 541.19  636.44  6.49

Степногорскте екі бүлдіршін үстіне бір қазан қайнап тұрған сорпаны төгіп алған

Оқиға салдарынан жарақат алған бүлдіршіндер алдымен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Ақмола облысының Степногорск қаласында екі кішкентай бала абайсызда үстіне қайнаған сорпа төгіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиға салдарынан жарақат алған бүлдіршіндер алдымен қалалық ауруханаға жеткізілді.

2000 және 2023 жылы туған балалардың денесін күйік шалған. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмектен кейін олардың жағдайын тұрақтандырды. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен балалар шұғыл түрде Көкшетаудағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Қалалық полиция бөлімі бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді.

"Степногорск қаласында кәмелетке толмаған екі баланың термиялық күйік алғаны тіркелді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген полицияның хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары