$ 541.34  640.73  6.53

Құны – 500 мың теңге: сәбилер онлайн сайттарда саудаға шығарылған

Ең сорақысы – кейбір аналар жаңа туған балаларын онлайн сайттар арқылы да саудаға шығарған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанда аналардың өз нәрестесін ақшаға сатып жіберген фактілері анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның басқарма бастығы Әділет Тоқтамысов ресми мәлімдеді. Оның айтуынша, саудаға түскен сәбилердің бағасы 500 мың теңгеден бастап, миллион теңгеге дейін жеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ең сорақысы – кейбір аналар жаңа туған балаларын онлайн сайттар арқылы да саудаға шығарған. Заңсыз келісімдер интернет арқылы жасалғаны қоғамды дүр сілкіндірді.

Құқық қорғаушылар мұны қоғамның ең ауыр қылмыстарының бірі деп атап, кінәлілерді қатаң жазалауды талап етуде. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдайға көбіне әлеуметтік жағдайдың ауырлығы, қатаң бақылаудың болмауы және қылмыстық делдалдардың әрекеті түрткі болып отыр.

Бұл деректер елдегі бала құқығын қорғау жүйесінің әлсіздігін тағы бір мәрте айқындады. Егер билік нақты әрі жүйелі шара қабылдамаса, Қазақстанның аты халықаралық деңгейде «нәрестелерді сататын ел» ретінде қараланып қалуы мүмкін деген алаңдаушылық бар.

Қоғам белсенділері мұндай сорақылыққа жол бергендерді аяусыз жазалап қана қоймай, баланы қорғау саласында түбегейлі реформа жүргізуді талап етуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 57
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 13

Серіктес жаңалықтары