Күндіздің өзінде дүкен мен киоск маңында егеуқұйрықтардың жүгіріп жүргенін көзіммен көрдім.
Теміртау қаласында тұрғындар арасында үлкен резонанс тудырған видео тарады. Онда дайын тамақ сататын киоскіде егеуқұйрықтардың еркін жүгіріп жүргені анық көрсетілген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырды.
Кейбір пікір иелері «Масқара! Бұларды тексермей ме, неге жауып тастамайды?» десе, енді бірі нақты мекенжайды да атаған: «Бұл жағдай Блюхер көшесінде болған». Тағы бір тұрғын санитарлық талаптардың мүлде сақталмайтынын айтып, «Продавцы в будках тоже антисанитария, без санитарных книжек — полный бардак» деп жазған.
Қала қонақтары да мәселені растайды. Мәселен, әлеуметтік желі қолданушысы truliy74: «Сіздің қалада қонақта болдық. Күндіздің өзінде дүкен мен киоск маңында егеуқұйрықтардың жүгіріп жүргенін көзіммен көрдім. 6-шы ықшам ауданда болдық, бірақ 8-де де олар мысықтай подъезде отырады. Неге тұрғындар үнсіз? Неге қызметтер шара қолданбайды?» – деп наразылығын білдірді.
Видео астында қалдырылған пікірлерде тұрғындар санитарлық қызметтердің әрекетсіздігіне шағымданып, жауапты мекемелерді дереу шара қолдануға шақырды.