19.08.2014, 03:17

Астанада Сейфуллин көшесінде автокөлік қозғалысы тоқтатылады

Сурет: osurgut.com

19-21 тамыз аралығында Сейфуллин көшесі бойымен Күмісбеков көшесінен бастап Сарыарқа даңғылына дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы шектетіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Сейфуллин көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолдың  үстіңгі қабаты ауыстырылады.