19.09.2025, 16:30

«Ата жолы» атты жалған емшілер елді алдап жүр: халық ашулы (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

"Ақша үшін ата-бабамыздың атын пайдаланып жүр". 

 

Әлеуметтік желіде «Ата жолы Керуен» деп аталатын топ жайлы бейнеролик қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жиналған жұртқа жалған бата беріп, адамдардың сенімін пайдаланып жүрген топты желі қолданушылары қатты сынға алды.

Пікір қалдырғандардың айтуынша, мұндай емшілер халықты алдап, қолындағы бар ақшасын тартып алып, елді шарлап жүр. Кейбірі бұл топты «секта» деп атап, басшыларының ішінде шетел азаматтары бар екенін алға тартты.

Желіде жазылған пікірлерде:

«Мұндай шарлатандарды аямау керек, бәрін қамау қажет», «Ақша үшін ата-бабамыздың атын пайдаланып жүр», «Ел аралап жүретін өтірік емшілер халықты алдайды» деген сөздер жиі кездеседі.

Қоғамда кеңінен тараған наразылыққа қарағанда, мәселе тек Жаңаөзенде емес, бүкіл Қазақстанға тән құбылыс болып отыр.

Тіпті кей пікір иелері: «Ақиқат жолынан тайған жалған молдалар халықтың сенімін сатып жүр» деп ашық жазған.

Видео авторы да өзінің алданғанын айтып, жұртты сақ болуға шақырды.

Ол «Елді шарлап жүрген емшілерге тоқтау салынбаса, соңы жақсылыққа әкелмейді» деп дабыл қақты. Жалған емшілердің әрекеті қоғамда қызу пікірталас туғызып, адамдардың ашу-ызасын оятты. Бұл жағдайға құқық қорғау органдары мен дін саласының мамандары назар аударуы қажет деген талап та күшейіп отыр.