Желі қолданушылары аталмыш видеоға қатысты түрлі пікір білдіріп, өз таңданыстарын жасыра алмады.
Желіде жас жұбайлардың жердің астынан шыққан видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видео кадрларынан екі жастың көпшілік алдында төменнен жоғары көтеріліп шыққанын байқауға болады.
Желі қолданушылары аталмыш видеоға қатысты түрлі пікір білдіріп, өз таңданыстарын жасыра алмады.
"Жер астынан тажал шығады деуші еді үлкендер. Ой, Алла құлақ естімегенді көз көрген заман болды", "Осы бала түбі бір жерден шығады деген осы ма", "Енді қалғаны төбеден түсу", "Жүре берсең көре береді екенсің", "Қытай қазақтары ма", деді олар.