$ 541.19  636.44  6.49

Демалыс күндері еліміздің бірқатар аймағында қар жауады

Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, кей өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ пен қатты жел күтіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қазгидромет болжамына сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстанның көп өңірінде ауа райын атмосфералық фронттар айқындайды. Соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ пен дауыл соғуы ықтимал.

20 қыркүйекке қараған түні республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Көптеген өңірлерде түнгі және таңғы уақыттарда тұман болады.

Ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі болжанбайды. Дегенмен елдің солтүстік жартысында түнде 1-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары