20.09.2025, 23:30

«Талай сынақтан өттім, соңғысы жанымды сындырып жіберді»: Еміне шипа іздеген танымал блогер жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Ауруымды мойындағым келмеді.

Танымал блогер Қалдықыз Жаппарқызы ауыр дертпен күресіп жүргенін айтып, елге жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогер қандай сырқатқа шалдықаннын алғаш рет айтты.

«Расында мен өзімді өмірдің барлық соққысына үйренгендей сезінетінмін. «Енді мені таңғалдыратын қиындық жоқ» деп ойлайтынмын. Ойым ғана емес, шынында да талай сынақтан өттім. Бірақ… ең соңғысы жанымды түгел сындырып жіберді. Мына өмірдің алдындағы батылдығымнан айырылып, әлсіз күйге түстім. Бір сәтте өлімнің көлеңкесін сезгендей, «мен шынымен де біттім бе?» деп қорықтым.

Ауруымды мойындағым келмеді. «Жоқ, мен мықтымын, мен шыдаймын» деп өзімді жұбаттым. Бірақ жүрегімнің түбіндегі бір дауыс: «Тоқтама, бұл — ақыры емес, бұл — басы» деп сыбырлағандай болды.  Сөйтсем, өмірдің ең әдемі тараулары дәл осы күйзелістердің ар жағында екен. Мықтылық деген — еш ауырмайтын, еш құламайтын адам емес екен; мықтылық деген – құлаған сайын қайта тұру, жылап тұрып үміттену екен.

Менің басымнан өткен ауыртпалық мені әлсіз етіп қойған жоқ, менің жанымды қайтадан тірілтті. Қиындықпен күресуді тоқтатпау – шын өмірдің өзі екен. Қиындықтың түбі – жаңа бастау, үміттің, сенімнің, нұрдың басы екен.

Егер сен де дәл қазір әлсіз сезінсең, есіңде болсын: сен құлап бара жатқан жоқсың, сен керсінші өміріңнің ең тәтті кезіне аяқ басып жатырсың! Өмір ешқашан бізді тек босқа ауыртпайды. Әр сынақ – жаңа күштің, жаңа бақыттың есігі екенін айтқым келеді», — деп жазды ол.