$ 541.19  636.44  6.49

«Cadillac, Porsche, BMW»: Қаржы агенттігі «тіс дәрігерлерінің» жымқырған миллиардтарын әшкереледі

Шығынның жалпы көлемі – 200 млрд теңгеден асады.

Фото: ҚМА
Фото: ҚМА

ҚМА зейнетақы қорынан «тіс емдеу» деген желеумен ақша ұрлаған алаяқтардың қаражатын қайда жұмсағанын көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шығынның жалпы көлемі – 200 млрд теңгеден асады.

Күдіктілер өзгенің жинақтарына пәтер, жер телімдері, коммерциялық жылжымайтын мүлік және, әрине, люкс көліктер сатып алған.

Олардан 15 премиум-класс көлік тәркіленді: Mercedes-Benz G63, BMW X7, BMW XM 50e, BMW 7 Series, Cadillac Escalade, Porsche Taycan, Mercedes-Benz GLS 450, BMW X5, Toyota Land Cruiser 200, Lexus ES 300h және басқалары. Жалпы құны – 600 млн теңгеден асады.

«Қылмыстық жолмен табылған мүлікті іздеу жалғасып жатыр», – делінген ведомство мәліметінде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары