22.09.2025, 21:30

Жаза жеңілдей ме? – Перизат Қайрат ісі қайта қаралатын болды

Фото Tengrinews.kz / Санжар Мустафин

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыс 24 қыркүйек күні сағат 14:30-ға белгіленген.

Астана соты қоғам белсендісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісі бойынша апелляцияны қарайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыс 24 қыркүйек күні сағат 14:30-ға белгіленген.

«2025 жылғы 24 қыркүйекте апелляциялық инстанция Перизат Қайрат пен оның анасы Алашбаева Ғ.-ның адвокаты берген шағымды қарайды», – делінген хабарламада.