22.09.2025, 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

Фото: Kazinform/ akorda.kz/ wikipedia

Дональд Трамп экономика және сауда салаларындағы ықпалдастықты кеңейтудің маңызды екенін атап өтті.

Нью-Йорк қаласына сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына ерекше назар аударылды. Дональд Трамп экономика және сауда салаларындағы ықпалдастықты кеңейтудің маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ президенттер халықаралық ахуалға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.