"Ермахан екеуің бір типсіңдер".
Депутат Ардақ Назаровтың біраз жыл бұрынғы сұхбаты әлеуметтік желіде қайтадан тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сол сұхбатында Назаровқа бір ақсақал ерекше сөз айтқанын еске алады:
"Ардақ, сенің жұдырығыңның артында бүкіл қазақ тұр. Ол жұдырық сенікі емес, қазақтікі. Егер жұдырығың мұқалса – қазақтың намысы мұқалды деген сөз. Ал егер ол мықты болса – қазақтың намысы биік болады", – деген екен.
Бұл сөзді естігенде Ардақ Назаров қатты толқып, "жүрегім дүрсілдеп, ерекше рухтандым" дейді.
Аталған ескі видеоны көрген желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып, қызу талқыға қосылған.
"Генадий бұлай мақтанбаған", "Ақсақал жегізіп жіберген ғой", Мынан бұрыннан қиял екен ғой", "Әртіссің ғой", "Фантазер", "Ермахан екеуің бір типсіңдер", "Ертегі ұнады ма?", "Естіп ұялып отырмын", - деп жазды жұрт.