Халық алаңдап отыр.
Сиыр еті бағасының күрт өсуінен кейін қазақстандықтар: «Тауық еті де қымбаттап кетпей ме?» – деп алаңдап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкіметтегі брифингте осы сұраққа нақты жауап берді. Министрдің айтуынша, қыркүйектің басынан бері тауық еті бағасының индексі небәрі 0,1% өскен, ал тамыздан бері бар-жоғы 1% ғана қымбаттаған.
«Бұл – қалыпты көрсеткіш. Сондықтан құс етінде бағаның қатты құбылуын күтпейміз», – деді ол.
Сонымен қатар, халық бір өнімнің бағасы көтерілсе, басқа өнімге ауысатынын да еске салды. Яғни, тауық еті сиыр етіне балама ретінде қолжетімді бола береді. Қазір елдің барлық өңірінде сиыр етіне қатысты жағдайға байланысты жедел желі іске қосылған.