$ 545.01  642.84  6.52

«Нұр-Орда» емес, «Буллинг-Орда»: Журналист элиталық мектепке шағымданды

"Ұлым екі апта бойы буллинг көрді".

Фото: Nur.kz
Фото: Nur.kz

Астанадағы белгілі жеке мектеп – «Нұр-Ордаға» қатысты ата-аналардың шағымы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, білім ордасында оқушыға қатысты буллинг дерегі тіркелгенімен, мектеп әкімшілігі тиісті шара қолданбаған.

Шағым иесінің сөзінше, ұлы оқу жылының басынан бастап сыныптастары тарапынан жүйелі түрде мазаққа ұшыраған. Алайда сынып жетекшісі де, мектеп әкімшілігі де жағдайды бақылауға алмаған.

«Ұлым екі апта бойы буллинг көрді. Ал мектеп тарапынан ешқандай қолдау болған жоқ. Керісінше, менің баламды кешірім сұрауға мәжбүрледі», – дейді ата-ана.

Оның айтуынша, бірнеше рет мектеп әкімшілігіне, Бала құқықтары комитетіне, ювеналды полицияға жүгінгенімен, нәтиже болмаған.

Ата-ана жеке мектепті қауіпсіздік пен сапалы білім үшін таңдағанын, алайда «Нұр-Орда» бұрынғы беделінен айырылып, қазір буллинг пен бассыздық жайлаған орынға айналғанын алға тартады.

Ол сондай-ақ Қазақстан Президентіне үндеу жасап, балаларға қатысты буллинг мәселесіне назар аударуды сұрады.

«Мектеп балалар үшін қауіпсіз орта болуы тиіс. Буллингті түбегейлі жою қажет», – деген Мемлекет басшысының Жолдауын ата-ана еске салып, мектеп басшылығы мен мұғалімдерге осы ұстанымдарды басшылыққа алуды талап етті.

Шағым иесі білім беру саласындағы «элитизация» мәселесін де көтеріп, бай ата-аналардың ықпалына жол берілетінін сынға алды. Оның айтуынша, бұл тек жеке жағдай емес, жүйелі проблемаға айналған.

Ата-ана БАҚ өкілдерін де назар аударуға шақырды. Өзге ата-аналар да байқаған кемшіліктерін жасырмады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары