24.09.2025, 16:40

1 қазан күні 100 мың зейнеткерге ақшалай көмек берілетін болды

Фото: Pixabay

Төлем 1 қазанда беріледі.

Астанада 1 қазан – Қарттар күніне орай 100 мыңнан астам зейнеткерге 2,5 АЕК шамасында, яғни шамамен 10 мың теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек беріледі. Бұл бастама былтырғы дәстүр бойынша жалғасуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елордада 100 мыңнан астам зейнеткерге шамамен 10 мың теңге көлемінде төлем жасалады. Бұл сома былтырғыдай 2,5 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) тең.

Ал Алматыда мұндай ақшалай төлем қарастырылмаған. Қала билігі қарттарға бюджет есебінен 13 түрлі әлеуметтік қызмет көрсетілетінін түсіндірді.

Қазақстанда Қарттар күні жыл сайын 1 қазанда аталып өтеді.