24.09.2025, 17:00

Астана сотында Перизат Қайраттың ісі қайта қаралып жатыр

Фото: baq.kz

Ашық сот отырысына тараптардың адвокаттары онлайн қатысып жатыр.

Астана қалалық сотында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға шыққан үкім апелляциялық сатыда қаралып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Перизат Қайратқа қатысты апелляциялық шағымды қарастыруда. Алқаның құрамында судьялар Нұрлан Баяхметов, Жарас Арыстанбеков және Гүлнар Дәулешова бар. 

Сотталған Перизат Қайрат сот процесіне жеке өзі қатысу үшін өтініш жасаған болатын. Дегенмен тараптардың пікірін тыңдаған сот алқасы Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның апелляциялық инстанциядағы сот отырысына қатысулары міндетті емес деп шешті.

Ашық сот отырысына тараптардың адвокаттары онлайн қатысып жатыр.