$ 542.8  637.84  6.49

«Отбасын тастамайтынын айтты»: Ақтөбе облысында әкім көңілдесін сабаған

Әйелдің сөзінше, бәрі әкімнің кабинетінде болған.

Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Ақтөбе облысына қарасты Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр сот алдында жауап берді. Шенеунікке өзімен қарым-қатынаста болған әйелді соққыға жықты деген айып тағылды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сотта әйел 2021 жылы онымен танысқанын айтты. Қазбек Аққайыр отбасын тастамайтынын, бірақ "оған да, әйеліне де зиян келтірмейтінін" уәде еткен. Алайда бірнеше жылдан кейін алғаш рет күш қолданған.

Әйелдің сөзінше, бәрі әкімнің кабинетінде болған. Жанжал кезінде ол тұншықтырып, басы мен бетіне бірнеше рет соққы жасаған.

"Мен Аққайырды 2021 жылдан бері танимын. Алдымен әлеуметтік желіде таныстық, кейін қарым-қатынас басталды. Ол үйленгенін айтты, бірақ "Отбасымды тастамаймын, сені де ренжітпеймін“ деп уәде берді. Қарым-қатынас жалғасты. 2024 жылдың желтоқсанында ол маған күш көрсетті. Өмірімде бірінші рет ер адам қол көтерді. Шок болдым. Шынымен жарақат алдым. Ол мені тұншықтырып, жұдырықпен ұрды. Мойнымнан ұстап, қабырғаға қарай сүйреді", – деді әкім сотта.

Ал Аққайыр өз кінәсін мойындамай, айыптауды жала деп санайды.

Сотта куәгер ретінде әкімдік қызметкерлері мен жергілікті блогерлер шақырылды. Әйелдің айтуынша, блогерлер оны әкімге қарсы арызын қайтарып алуға үгіттеген.

Айта кетейік, әйел үш баланы тәрбиелеп отыр және бала бақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді.

"Жұмыста бастық шақырып, "Жоғарыдан қоңырау түсіп жатыр. Жұмысың керек болса, ойлан, сен жалғызсың, балаларың бар" деді. Блогерлер де қысым көрсетті. Арыздан бас тартуымды қалады", – деді ол.

Істі сот әлі қарайды, алда айыпталушыдан жауап алу кезеңі күтіліп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтөбе #әкім