$ 541.68  636.26  6.48

«Жалған ақпарат таратқан»: Ауыл шаруашылығы министрі үстінен арыз жазылды

Журналист Кирилл Павлов аталған мәлімдемесін өзінің Telegram-арнасында жариялады.

Фото: Ukimet
Фото: Ukimet

Танымал журналист ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты жалған ақпарат таратты деп айыптап, құқық қорғау органдарына шағымданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналист Кирилл Павлов аталған мәлімдемесін өзінің Telegram-арнасында жариялады.

«Қазақстан өзін сүт өнімдерімен толық қамтамасыз етіп отыр деген көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ауыл шаруашылығы министрі Сапаровтың үстінен Астана полиция департаментіне арыз жаздым», – деді ол.

Сондай-ақ Павлов бұл мәселеге қатысты жағдайды бақылауға алуды президент әкімшілігінен сұрады.

«Ресми статистика мен халықаралық дереккөздерге сәйкес, 2024 жылы Қазақстан 183 мың тонна сүт пен сүт өнімдерін 410,7 миллион долларға импорттаған (Ұлттық статистика бюросы, UN Comtrade және БАҚ мәліметтері). Ірімшік пен сүзбе нарығындағы импорттың үлесі 48%-ды, ал май және сүт-май өнімдері бойынша 15%-ды құрайды (салалық қауымдастық деректері)», – деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары