Ер адамның бұған дейін де істі болып, екі рет түрмеде отырғаны анықталды.
Ақмола облысында ер адам түрмеге түсіп, тегін өмір сүру үшін қылмыс жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ер адамның бұған дейін де істі болып, екі рет түрмеде отырғаны анықталды. Ол 2019 және 2023 жылдары теракт туралы жалған қоңырау шалғаны үшін екі рет сотталған.
Бұл жолы да ер адам 112 нөміріне қоңырау шалып, Астана автовокзалына бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат берген. Тексеріс нәтижесінде қоңыраудың жалған екені анықталды.
Сотта күдікті бұл әрекетті баспанасы болмағандықтан түрмеге түсіп, тегін тамақ, киім секілді қажеттіліктерге қол жеткізу үшін жасағанын мойындады.
Сот ер адамның бұған дейін де істі болғанын ескеріп, оған екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.