26.09.2025, 18:20

Астанада LRT-ның қашан іске қосылатыны белгілі болды

Фото: CTS

Бұл туралы әкім Мәжіліс кулуарында айтты.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қалада көптен күткен жеңіл рельсті көлік (LRT) желісі бойынша алғашқы пойыз алдағы аптада іске қосылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы әкім Мәжіліс кулуарында айтты.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл 29 немесе 30 қыркүйекте жүзеге асады.

Бірінші пойыз, мысалы, Абу-Даби станциясынан Мәңгілік Ел көпірі бағытында жолға шығады. Алғашқы аптада 1-2 станция аралығында тестілік режимде жүреді. Кейін біртіндеп пойыз саны, станциялар мен жұмыс уақыты көбейеді, – деді әкім.

Қасымбектің айтуынша, тестілік кезең 3 айдан 6 айға дейін жалғасады. Қазан айында қалаға қосымша 8 пойыз жеткізіледі. Желтоқсан айының соңына дейін барлық 18 пойыз толық келеді деп күтіліп отыр.

Жоспар бойынша, келесі жылдың басында барлық құрам тест режимінде жұмыс істейді. Ал желтоқсанның соңында немесе қаңтардың басы мен ортасында барлық пойыз сынақ режимінде қатынайды, – деді ол.