Ал Қазақстанның оңтүстік жартысында оңтүстік циклонмен бірге найзағай, жаңбыр күтіледі.
Синоптиктер алдағы күндері ел аумағында күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері еліміздің солтүстік жартысындағы күн райына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Сондықтан жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 28-29 қыркүйекте жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.
Ал Қазақстанның оңтүстік жартысында оңтүстік циклонмен бірге найзағай, жаңбыр күтіледі.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
28 қыркүйектен бастап суық антициклонның енуімен солтүстік аймақтарда, кейін оның республиканың оңтүстігіне қарай ығысуына байланысты елдің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Температуралық фон келесідей болжанады: