Бұл факті бойынша тексеріс жүргізілуде.
Қостанай облысының Тобыл кентінде жүк көлігі жанармай бекетіне соғылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Куәгерлердің айтуынша, Тобыл кентінде жүк көлігін "Мұнай Өнімдері" желісіне тиесілі жанармай бекетіне соғылған. Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл факті бойынша тексеріс жүргізілуде.
"Алдын ала деректер бойынша, жүргізуші автожанармай бекетімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ", – деді ПД өкілдері.
Сонымен қатар полицияның хабарлауынша, медициналық тексеру жүргізушінің мас болмағанын көрсетті.