$ 548.79  643.02  6.63

Мұғалімнің орнын Жасанды интеллект ешқашан айырбастай алмайды – Асхат Аймағамбетов

Мемлекет алдына қойған міндеттемелерін дұрыс орындамай отыр.

 

Мектепке айыппұл салынады екен де, оны мұғалімдер төлейді деген не сұмдық? Мектеп асханасы неге мектеп директорына бағынбайды? Жасанды интеллект балаларды ойлау қабілетінен айырып жатыр ма? Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Qasqa Jol YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Үкімет Парламентсіз, Парламент Үкіметсіз бірде-бір мәселені шеше алмайды. Яғни, қандай да бір мәселені шешу керек деген мақсат тұрса екеуі бір-бірімен тіл табысып, ортақ келісімге келіп, жұмыс істеу керек. Міне, бұл басты мәселе»,  - дейді халық қалаулысы.

Яғни, мәжілісменнің айтуынша, еліміздегі министрліктердің көп болуы біреуге ұнар, біреуге ұнамас. Алайда, министрліктерді көптеп ашудың басты мақста,ы бүгінгі күні актуалды, яғни еліміздегі болашағы үшін маңызды. Мәселен, жасанды интлеллект министрлігін ашу тбүгінгі күні күн тәртібінде тұр, себебі қазір технология жылдам дамып жатқандықтан, Мемлекет басшысы Жасанды интеллект министрлігін ашуды тасырды. Яғни бұл тақырып қазір әлем бойынша актуалды. Сол себептен әр министрліктің атқаратын белгілі бір ауқымды мәселелері бар.

«Жалпы Президенттің жасанды интеллект деп айтуының да жаны бар. Неге? Себебі жасанды интеллект адамзат үгін экзестенционалды проблема. Жалпы Қазақстан үшін айтатын болсақ жасанды интеллект біздің тәуелсіз ел болып қалуымыздың, цифрлық колонияға айналмауымыздың, жалпы біздің бәсекеге қабілетті болуымыздың мәселесі. Оны солай қарау керек. Оны өтпелі тренд сияқты қарауға болмайды. Жасанды интеллект жалпы экономикамызды, болашағымызды, жалпы сіз бен біздің ойлау қабілетімізді, біздің балаларымыздың құндылықтарына әсер ететін, медицинаға, білімге тікелей байланысты болғаннан кейін Президент шегелеп айтып отыр. Жалпы мұны бүкіл салаға енгізетін болған соң, біз мұны ерте бастап кеттік. Бұған қуануымыз керек. ЖИ жалпы біздің қоғамдағы орнымызға әсер етеді», -деді ол.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, мұғалімді жасанды интеллект алмастыра алмайды.

«Себебі мұғалім тек білім беруші емес, ол психолог, ол бізде көмек беретін азамат, ол бізде тәрбиеші. Ал ЖИ жәй ғана құрал. Сондықтан қанша тырыссақ та мұғалімді ештеңемен алмастыра алмайммыз. Керісінше ұстаздардың қадірі одан сайын артады», деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 40
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары