Ерлі-зайыптылар өз үйіндегі өрттен қаза тапқан.
Балқашта белгілі ерлі-зайыпты дәрігер қайғылы жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ерлі-зайыптылар өз үйіндегі өрттен қаза тапқан.
Наталья Евгеньевна Шерстова мен Юрий Аркадьевич Шерстов зейнетке шыққан. Әйел психиатр болып жұмыс істесе, күйеуі құрметті спорт дәрігері еді.
Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте болған. Түскі уақытта туыстары өрт сөндіру қызметіне хабарласып, үй ішін қою түтін басқанын және өрт шыққанын хабарлаған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде ашық жалын болмаған. Үйдің ішінен ерлі-зайыптының мүрделері табылды.
Өрттің аумағы – 30 шаршы метр, шығу себебі анықталып жатыр.
Қаза тапқан дәрігерлердің ұлы – Сергей Шерстов Қарағанды қаласындағы №3 көпсалалы аурухананың емдеу ісі жөніндегі директор орынбасары болып қызмет атқарады.