$ 548.79  643.02  6.63

Қызылорда халқы қара су ішіп отыр: әкімдік жыл бойы мәселені шеше алмай келеді (ВИДЕО)

"Ішуге де, кір жууға да, тіпті әжетханаға да жарамайды".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Қызылордадағы Сол жағалауда бір жылдан бері қара лай су ағуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, оны ішу түгілі, әжетханада пайдаланудың өзі мүмкін емес. Алайда, коммуналдық төлемді әкімдік толық төлетіп отыр.

«Краннан қара батпақтай су ағады. Ішуге де, кір жууға да, тіпті әжетханаға да жарамайды. Ал біз ай сайын ақша төлейміз», – дейді ашынған тұрғындардың бірі. «Әр күні дүкеннен су сатып аламыз. Балаларымыздың денсаулығына алаңдап отырмыз. Бұл мәселе бір күндік емес, бір жылдан асты. Әкімдікке талай арыз жаздық, бірақ нәтиже жоқ», – деп шағымданды тағы бір тұрғын.

Су жүйесіне жауаптылар мен әкімдік бір-біріне сілтеп, уақыт созумен әлек. Ал халық қара суды көріп, ашумен күн кешуде.

«Әкімдік бізді естімесе, бізді кім қорғайды? Халықтың денсаулығын елемеген басшылыққа қалай сенеміз?» – дейді тұрғындар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары