29.09.2025, 12:55

Тоқаев Италия Президенті Серджо Маттарелланы қарсы алды

Фото: Ақорда

Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Президенті Серджо Маттарелланы салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.