$ 549.06  644.87  6.66

«Біреу түсінер, біреу түсінбес»: Тағы бір танымал блогер хиджабын шешті

Бірақ мен өз алдымда адал болуым керек.

Фото: caravan
Фото: caravan

2 миллион оқырманы бар блогер Мөлдір Жиенбаева хиджабын шешіп тастап, үлкен сынға ұшырады. Хиджабын шешкенін блогер Instagram-дағы парақшасында жариялады,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

”Бұл күрес ұзақ уақытқа созылды. Мен көп ойландым, уайымдадым, өзімді және жүрегімді түсінуге тырыстым. Бұл шешім маған оңай келген жоқ. Бір күнде немесе бір айда шешілген нәрсе емес. Біреу түсінбес, біреу қолдау білдірер. Бірақ мен өз алдымда адал болуым керек.

Қазір менде жаңа этап басталып жатыр. Менің жанымдағы жандарға, мені қалай болса да қолдайтын жандарға алғысым шексіз”, — деп жазды блогер.

Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі блогердің шешімін қолдаса, енді бірі түрлі сөздер жазып, қарсы шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары