$ 549.06  644.87  6.66

«Тукамен билетпей қойды»: Мейрамбек Беспаев тойда әйелін қызғанып қалды (ВИДЕО)

Мейрамбек Бесбаевтың түрінен кішкене «наразылық» байқалғандай болған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Мейрамбек Бесбаев пен Нұржан Төлендиевтің тойдағы видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жуырда «МузАрт» тобының мүшесі кенже қызы Айзияның 1 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өткен еді. Тойдан жарияланған видеолардың бірі көпшіліктің назарын өзіне аударды.

Кадрда әншінің жұбайы Мархабат Бесбаева мен актер Нұржан Төлендиев бірге билеген сәтте, Мейрамбек Бесбаевтың түрінен кішкене «наразылық» байқалғандай болған.

Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары екіге бөлінді:

– «Әйелін Тукамен билетпей қойды ма?»
– «Әйелін қызғанып қалды ғой»
– «Ортаны ашып берді, ешқандай қызғаныш жоқ»
– «Тука жай ғана ортаға шақырды ғой, билеңдер деп»

Кейбіреулер әзіл араластырып, «Тука ішінен: мен саған бірдеңе дедім бе? Бұтың қисық дедім бе? Мұрның пұшық дедім бе?» деп тұрғандай болды деп пікір қалдырды.

Осылайша бір ғана бейнежазба желіде үлкен дау-дамайға айналды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары