Циклонның әсерінен оңтүстік өңірлерде күн суытады.
Күздің жылы күндерінен кейін солтүстік өңірлерінде түнгі уақытта ауа температурасы минус көрсеткіштерге дейін төмендеп, кейбір аудандарда жаңбыр қарға ұласты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алдағы күндері суық антициклон Қазақстан аумағы арқылы жылжып, оңтүстікке бет алады. Циклонның әсерінен оңтүстік өңірлерде күн суытады.
Осылайша, 1 қазанда Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында, ал 2 қазанға қараған түні Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбырдың қарға ауысуы) болжанады.
Сондай-ақ, 1 қазан күні күндіз ауа температурасының 5-10 градус жылы болса, 2 қазанға қараған түні 1-3 градус үсік жүреді.