$ 549.06  644.87  6.66

Қостанайда шаруалардың 40%-ға дейінгі егістігі қар астында қалды – әкімдік диқандарды тағы ұмытты

Желіде тараған бейнежазбалар халықтың ашуын тудырды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

29 қыркүйекте Қостанай облысын қалың қар басты. Қардың қалыңдығы 10 сантиметрге дейін жетіп, кейбір аудандарда егіннің 30–40 пайызы жиналмай қар астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ауыл шаруашылығы мамандары мұны үлкен апатпен тең деп отыр. Диқандар техникасының істен шығуы, ауа райының қолайсыздығы мен басқа да кедергілер салдарынан егін жинауды аяқтай алмай қалған. Ал қазір қар астында қалған өнімнің сапасы да, көлемі де жоғалуы әбден мүмкін.

Желіде тараған бейнежазбалар халықтың ашуын тудырды. Бірі «нашар қожайын ұйықтап қалды, енді жылайды» десе, енді бірі «техникасы сынған шығар, басқа егінді жинап үлгермеген болар» деп диқандарды жақтады. Бірақ жұрттың басым бөлігі мемлекет пен әкімдіктің әрекетсіздігіне ашулы.

«Футболшыларға миллиондап ақша табатындар егіншіні неге құтқара алмайды? Депутаттарды асырағанша, диқандарға көмектессін!» – дейді ашынған тұрғындар.

Кейбірі тіпті совет дәуірін мысалға алды: «Ол кезде мұндай бейберекет болған жоқ. Бірі тез жинап болса, техникасын көршілерге беріп көмектесетін. Қазір тәртіп те, ынтымақ та жоқ», – деп пікір қалдырды.

Әкімдік болса, бұл жолы да үнсіз. Ал шаруалардың көз алдында бір жылдық маңдай тер қардың астында шіріп барады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары