30.09.2025, 12:50

Халықтың дизелі қара базарға кеткен: Теңізде бір тонна жанармайды көлеңкелі саудаға шығарған

Фото: Видеодан алынған кадр

Қазір бұл жанармай тәркіленіп, іс қозғалды.

Атырау облысындағы Теңізде қарапайым халыққа жетуі тиіс дизель отыны заңсыз саудаға шығарылды. КамАЗ жүргізушілері бірлесіп, бір тоннаға жуық жанармайды көлеңкелі жолмен сатып, тасымалдап жүргені әшкереленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қазір бұл жанармай тәркіленіп, іс қозғалды. Күдіктілер ұсталды, жағдайдың мән-жайы тексерілуде.

Жергілікті жұрт «дүкенде дизель таппаймыз, бағасы күнде шарықтап тұр, ал олар тонналап сатып жүр» деп ашулы. «Халықтың қалтасын қағып жүргендердің жолы кесілсін» деген пікір көп.