30.09.2025, 15:40

«Бұл – кино»: Қорғаныс министрлігі желіде тараған видеоға қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Роликке қазақ тіліндегі дыбысжол жасанды интеллекттің дипфейк технологиясы арқылы жүктелген.

Әлеуметтік желіде әскери формадағы бір адамның оншақты сарбазды балағаттап, ұрып-соққан видеосы тараған еді. Қорғаныс министрлігі бұл видеоның қазақ әскеріне қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Аталған бейнематериал – «Қырғызфильм» киностудиясы түсірген «Баткен» көркем фильмінің үзіндісі және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ. Роликке қазақ тіліндегі дыбысжол жасанды интеллекттің дипфейк технологиясы арқылы жүктелген», - деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.

Министрлік БАҚ өкілдері мен ақпарат дереккөздерін фейк ақпарат таратпауға шақырып отыр.