30.09.2025, 16:40

«Ішіме тас түсіп кеткендей»: Журналист Темірлан Анарбековті ұмытып кеткендерге ренжіді

Коллаж: sn.kz

Айта кетейік, алматылық "Қайрат" бүгін өз алаңында корольдік клуб "Реал Мадридті" қабылдайды. 

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы желідегі парақшасында қақпашы Темірлан Анарбеков туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сөзінше, халық Темірланның ерлігін тез ұмытқан. 

"Ішіме тас түсіп кеткендей бүріп ауырып отырғанын-ай... «Мына халық Темірланды тез ұмытқанын қарашы», - деп айқайлағым келеді. Кешеден бері ешкім бұл футболшы туралы ләм-мим демеді.

"Реал Мадридтің" елге келуіне осы жігіттің үлесі бар екенін ұмытпайық!

Әттеңі көп әттеген-ай, дәл бүгінгі күні Темірлан күллі қазақтың атынан додаға түсуі керек еді. Осы жарыстың боларын білдік. Тұлпарды таңдап, сәйгүлікті баптайтын халық едік қой. Салғырттықтың кесірінен Темірланжанды шаршы алаңға қоса алмағанымызға қатты налып отырмын.

Темірланжан, тез сауығып кет! Сенен үлкен үміт күтіп едік. Әлі де күтеміз. Алда талай асулар бар. Сен сол биіктерді бағындырасың. Мен оған шүбәсіз сенімдімін. Тек тезірек жазылып кетші, қазақтың Сұңқары!

Жақсылықты тез ұмытатын халық екенімізді мойындайықшы бір", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, алматылық "Қайрат" бүгін өз алаңында корольдік клуб "Реал Мадридті" қабылдайды.